Комиссия отырысына «Қазақтелеком» АҚ филиалы «Желі» дивизионының «Қостанай желіге қатынасты пайдалану департаменті» директоры Искаков Сакен Қурмантевич, «Қостанай кабельдік желілері» ЖШС телеарнасының директоры Сотников Евгений Владимирович, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының «Қостанай облысы бойынша департаменті» РМК басшысы Шахматова Ольга Николаевна қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Қостанайда көрсетілетін қызметтер мен интернет жұмысының сапасы туралы.
- Қостанай қаласындағы тұрмыстық минимум мөлшерін есептеу туралы;
- Қостанай қалалық мәслихатының депутатының өз округінің сайлаушыларымен 2025 жылғы жұмысы жүргізілуі туралы.
«Қостанайда көрсетілетін қызметтер мен интернет жұмысының сапасы туралы» мәселесі бойынша «Қазақтелеком» АҚ-да «FTTH желісін орнату» стратегиялық кешенді жобасы аясында Қостанай қаласында қаланың бөлінген кластерлерінде GPON пассивтік талшықты-оптикалық желісін кезең-кезеңмен салу жұмыстары басталды.
Жобаның мақсаты – телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңартып, абоненттерді ескірген мыс ADSL технологиясынан заманауи талшықты-оптикалық GPON қатынасына көшіру.
«Тазарту» жобасы аясында Қостанай қаласында 2023-2025 жылдар аралығында 6 732 абонент ескірген мыс технологиясынан заманауи талшықты-оптикалық GPON желісіне ауыстырылды.
«SAPA+» республикалық жобасы аясында Қостанай қаласында үй Wi-Fi қатынасының сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілді.
Жобаны іске асыру кезеңінде абоненттердің үйлеріне 1 825 заманауи Wi-Fi 5 GHz маршрутизаторлары орнатылды.
Жоба аясында Қостанай қаласында үй Wi-Fi қатынасының сапасын жақсарту бойынша кешен іс-шаралар жүргізілді.
Жобаны іске асыру кезеңінде абоненттердің үйлерінде шамамен 4 мың оптикалық терминал (ONT) заманауырақ ONT-ларға ауыстырылды.
«Uplink» ЖШС Қостанай Кабельдік Желілері
Қостанайлық «Uplink» ЖШС Қостанай Кабельдік Желілері компаниясы жылдам интернет бойынша елдегі бес үздік оператордың қатарына кірді
«KzКОС 2024» байланыс операторларының республикалық конференциясында жетістіктер Сандық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің дипломы мен марапатымен ескерілді. Бұл мойындау одан әрі өсу үшін ынталандырушы күш және орындалған жұмысқа мақтану себебі болып табылады.
Speedtest сервисінің тәуелсіз зерттеуінің нәтижелері бойынша «Ең жылдам интернет» номинациясы бойынша қорытынды жасалып, компания елдегі ТОП-5 үздік операторлардың қатарына кірді. Бұл марапат 2023-2024 жылдар бойы Қазақстан бойынша пайдаланушылар жасаған жылдамдық өлшемдерінің нәтижелеріне негізделген. Әрине, мұндай мойындау Компанияның дұрыс жолда екенінің растауы, бірақ біз өз жұмысымызда абоненттерден кері байланысқа сүйенуге үйрендік, ол бізді тағы да әсерлі нәтижелерге ұмтылуға ынталандырады.
«Қостанай қаласындағы тұрмыстық минимум мөлшерін есептеу туралы» мәселесі.
«Тұрмыстық минимум» ұғымы 2015 жылғы 19 мамырдағы «Минималды әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының № 314-V Заңымен бекітілген.
Тұрмыстық минимум мөлшері – бір адамға шаққандағы минималды ақшалай табыс, ол минималды тұтыну себетінің құнына тең.
Минималды тұтыну себеті – адамның өмір сүру қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдері, тауарлар мен қызметтердің табиғи және құндық көрсеткіштердегі ең аз жиынтығын білдіреді.
Ол азық-түлік себетінен және тамақ емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығындардың белгіленген үлесінен тұрады.
Азық-түлік себетінде 43 атау тамақ өнімі бар: ет, балық, сүт, май, нан, жеміс-көкөніс олардың түрлері, жұмыртқа, қант, шай, дәмдеуіштер және басқалары.
Азық-түлік себеті мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросымен санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылық саласындағы уәкілетті органның денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісіп бекіткен тамақ өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормалары бойынша есептеледі.
Тұрмыстық минимум мөлшері азық-түлік себетінің құнынан, оған минималды қажетті тамақ емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығындардың белгіленген үлесі қосылғаннан есептеледі.
Тұрмыстық минимум тоқсан сайын орта есеппен халық басына шаққанда және негізгі жыныс-жас топтары бойынша (0-13 жас аралығындағы балалар, 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер, 18 жастан асқан еңбекке қабілетті халық, зейнеткерлер мен кәрі адамдар) есептеледі.
2025 жылы Қостанай облысы бойынша тұрмыстық минимум мөлшері орта есеппен халық басына шаққанда 53957 теңгені құрады.
«Қостанайда көрсетілетін қызметтер мен интернет жұмысының сапасы туралы», «Қостанай қаласындағы тұрмыстық минимум мөлшерін есептеу туралы», «Қостанай қалалық мәслихатының депутатының өз округінің сайлаушыларымен 2025 жылғы жұмысы жүргізілуі туралы» ақпараттары депутаттар бір ауыздан біліп алуға қабылданды, сондай-ақ тиісті қаулы қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-city/press/news/details/1166387?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау