Ерте ескерту жүйелері саласындағы ғылыми тәжірибе алмасу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  ТЖМ Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының қызметкерлері ғылым жөніндегі директордың орынбасары Е. Әліпұлының басшылығымен Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтына және Бішкек қаласындағы Орталық Азия қолданбалы Жер зерттеулері институтына жұмыс сапарымен барды.

  ҚҰҒА СИ сапар барысында СБЗҰҒО қызметкерлері Деректерді өңдеу орталығында болып, оның жұмысын ұйымдастыру және технологиялық процестерімен, соның ішінде сейсмологиялық ақпаратты қабылдау, өңдеу, сақтау және мұрағаттау жүйелерімен танысты. Тараптар ғылыми тәжірибе және кәсіби білім алмасып, сондай-ақ ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі өзара ниет туралы меморандумды дайындау және жасасу мәселелерін талқылады.

  Бақылау станциялар желісінен келіп түсетін сейсмикалық, магнитометриялық, гидрогеохимиялық және гидрогеодинамикалық бақылау деректері негізінде қалыптастырылатын интеграцияланған деректер банкін құру және оны одан әрі толықтыру мәселелері қосымша қаралды.

  Сейсмикалық станцияларды тексеру және зерттеп-қарау жөніндегі қолданыстағы келісімге сәйкес ОАҚЖЗИ-ға да барды. Кездесу барысында қызметкерлер институт қызметінің негізгі бағыттарымен, оның ішінде жер сілкіністері туралы ерте ескерту жүйесінің және Қырғыз Республикасының спутниктік позициялау мониторингтік желісінің (GPS) жұмыс істеуімен танысты.

  Сонымен қатар ерте ескерту жүйелерінің бағдарламалық қамтамасыз етуі саласындағы ынтымақтастықтың келешегі алдын ала тәртіпте талқыланды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpchs/press/news/details/1165993?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version