Бүгін Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғановтың төрағалығымен жедел кеңес өтті. Оған желілік бөлініс бастықтарының бірінші орынбасарлары мен Департамент аппаратындағы жедел қызметтердің басшылары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, сондай-ақ қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру.
Көліктегі ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ерлан Әлімов жедел қызметтің 2025 жылғы қорытындылары және 2026 жылдың ағымдағы кезеңіндегі нәтижелері туралы баяндама жасады. Ол қол жеткізілген нәтижелермен қоса анықталған кемшіліктерге де тоқталып, алдағы кезеңдегі басым бағыттар туралы айтты.
Басқосу барысында бірқатар бөлініс бастықтарының бірінші орынбасарларының да есептері тыңдалды.
Кеңеске қатысушыларға ІІМ-нің ішкі істер органдарының алдына қойған жаңа міндеттері жеткізілді. Атап айтқанда, қызмет көрсету аумақтарында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты күшейту, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және жедел ахуалдың жай-күйіне тұрақты бақылау жүргізу мәселелері жан-жақты талқыланды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға және «Заң және Тәртіп» қағидаты негізінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге баса назар аударылды.
Баршаға мәлім, 2026 жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» болып жарияланды. Осыған сәйкес, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдары мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың негізгі факторына айналып, ішкі істер органдары қызметін қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің жаңа деңгейіне көтеруі тиіс. Сонымен қатар, биылғы жыл – балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жылы. Бұл ретте, әсіресе, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарға ерекше көңіл бөлу қажеттігі айтылды.
Желілік бөліністер бастықтарының бірінші орынбасарларына барлық құқық бұзушылық фактілеріне жіті мән беріп, қатаң шаралар қабылдап, олардың уақытылы әрі толық ашылуын қамтамасыз ету жүктелді.
Кеңесті қорытындылай келе, М. Айтуғанов қызмет тиімділігін және жедел әрекет етуді арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар беріп, орын алған кемшіліктерді жоюдың тетіктерін атап өтті. Сондай-ақ еліміздің әуе және теміржол көлігі нысандарында қылмысқа қарсы іс-қимылды күшейту және жедел ахуалдың жай-күйіне ұдайы бақылау жүргізу бойынша бірқатар кешенді міндеттер қойды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1166380?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау