Республикалық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалиция мүшелері – М. Ескендіров, М. Әбутәліп және Д. Бейсенқұлов – Бурыл ауылы спорт кешенінің ұжымымен және спортшылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Конституциялық бастамалардың мазмұны мен маңызы, құқықтық реформалардың ел дамуына ықпалы және қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Депутаттар Конституция – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бекітетін негізгі құндылық екенін атап өтті.
Спорт саласының қызметкерлері жастар тәрбиесі, салауатты өмір салтын насихаттау және ел бірлігін нығайту жолындағы өз еңбектерінің маңызын жеткізді. Өз кезегінде коалиция мүшелері ұсынылып отырған өзгерістердің ашықтықты арттыруға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейтуге және әрбір азаматтың қоғам өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік беретінін нақты мысалдармен түсіндірді.
Ашық пікір алмасу форматында өткен жиын ел болашағына жауапкершілікпен қараудың маңызын айқындады. Халықтық Конституция – барша азаматтың таңдауы арқылы бекитін тарихи шешім екені айтылып, спорт кешені ұжымы референдумға белсенді қатысуға шақырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1166332?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау