Медиаторлар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінде оқу бағдарламалары бекітілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған медиаторлар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Жиынға Кеңес мүшелері мен уәкілетті органға қарасты медиаторлар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Отырыста жаңа Конституция жобасы талқыланды. Қатысушылар Ата заңның жаңартылған нормалары қоғамдағы маңызды сұраныстарға жауап беріп, тұрақты дамудың институционалдық негізін қалыптастыратынын атап өтті.

Сонымен қатар медиаторларды даярлау және оқыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жаңартылған қағидаларға сәйкес, оқыту құқығы тек Үйлестіру кеңесі мақұлдаған оқу бағдарламалары бар ұйымдарға ғана беріледі.

Айта кетсек, жиында 11 медиаторлар ұйымының оқу бағдарламалары бекітілді. Олардың қатарында мына ұйымдар бар:

1. РҚБ «Халықаралық құқық қорғау орталығы»
2. РҚБ «Халықаралық медиация орталығы»
3. ҚБ «Альянс Успеха»
4. ҚБ «International bureau of mediation»
5. ҚБ «Парасат» медиаторлар мен заңгерлер қауымдастығы
6. ҚБ «Pactum» медиация және келіссөздер орталығы
7. ҚБ «Tatulas» медиация орталығы
8. ЖКжЗТБ «ҚР Медиаторлар қауымдастығы»
9. ЗТБ «Қарағанды облысының кәсіби медиаторлар қауымдастығы»
10. РҚБ «Адам және Құқық» медиаторлар мен заңгерлер одағы
11. РҚБ «Содействие и право» құқықтық көмек және медиация орталығы

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1165967?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version