Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Андас батыр ауылдық округінде жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізді. Қыс мезгілінде үйлер мен ғимараттарда пештер, электр жылытқыштар және газ құрылғылары жиі қолданылады. Мамандар бұл құралдарды дұрыс пайдаланбау өрт шығу қаупін арттыратынын түсіндіріп, тұрғындарға пеш мұржаларын уақытылы тазалау, электр желілеріне артық жүктеме түсірмеу және газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану қажеттігін ескертті.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау