Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаларды халық арасында кеңінен түсіндіру бағытындағы жұмыстар Мойынқұм ауданында жүйелі түрде жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті ақпараттық-түсіндіру кездесуі Шығанақ ауылдық округіндегі теміржол саласының қызметкерлерімен өткізілді. Кездесудің мақсаты – Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мазмұнын жан-жақты түсіндіру, олардың маңыздылығын жеткізу және қоғамда ашық пікір алмасу алаңын қалыптастыру болды.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттары кеңінен баяндалды. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ халық пен билік арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар конституциялық реформалардың елдің тұрақты дамуына, мемлекеттік басқару сапасын арттыруға және қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.
Жиын барысында теміржол саласының қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Көтерілген мәселелер бойынша нақты түсіндірмелер беріліп, ұсыныстар мен пікірлер назарға алынатыны жеткізілді. Ашық форматта өткен кездесу қатысушылардың реформаларға қатысты көзқарастарын білдіруге және өзекті мәселелерді ортаға салуға мүмкіндік берді.
Кездесу барысында түсіндіру жұмыстарының басты мақсаты – әрбір азаматқа конституциялық өзгерістердің мәнін жеткізу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда ашық әрі сындарлы диалог қалыптастыру екені ерекше атап өтілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрғындардың мемлекеттік саясатқа деген сенімін нығайтуға және қоғамдық белсенділігін арттыруға ықпал етеді.
Жалпы, Мойынқұм ауданында конституциялық реформаларды түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын тауып, түрлі еңбек ұжымдары мен мекемелерді қамтитын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1166270?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау