Халықаралық ана тілі күніне орай, Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы курс тыңдаушылары арасында «Өнер Fest» ұлт өкілдерінің қатысуымен өнер фестивалін өткізді.
Мақсаты – тыңдаушылар арасында тіл саясатын дамытып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.
Фестиваль барысында «DARMARKA» ұйымдастырылып, іс-шараға қатысушылар бір-біріне тарту жасап, сыйлықтармен алмасты. Әлемдегі тілдер туралы қызықты ақпараттар беріліп, ұлт өкілдері жаңылтпаш, мақал-мәтелдер айтып, түрлі байқауларға қатысты.
Белсенді тыңдаушылар алғыс хатпен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1165943?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау