Павлодарда 123 оқушы «Мамандықтар әлемін ашамыз» форумына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📌2026 жылғы 18 ақпанда Павлодар қаласының оқу-өндірістік комбинатында «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының қалалық кезеңі өтті. Қаладағы 29 мектептен 123 оқушы қатысты. Форум оқушылардың мамандық таңдауға шығармашылық көзқарасын дамытуға, педагогтермен бірге кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізуге бағытталды.

Қатысушылар төрт номинацияда конкурсқа қатысты: «Мен таңдаған мамандық», «Болашақ мамандығы», «Біздің отбасымыздағы мамандықтар», «Жас мобилограф».

Жеңімпаздар:
«Мен таңдаған мамандық» – Қанаш Аида (№7 ЖОМ), Шаймұрат Зейнұр (Қ. Беққожин ат. ЖОМ), Оразбаева Дария (№39 ЖОМ)
«Болашақ мамандығы» – Қадыр Дәрия (№25 ЖОМ), Абдыкалыкова Раушан (КЖОМ)
«Біздің отбасымыздағы мамандықтар» – Жасқайрат Томирис (КЖОМ), Стопнюк Данил (№39 ЖОМ)
«Жас мобилограф» – Картабаева Томирис (М. Әуезов ат. ЖОМ)

Форум оқушыларға шығармашылық ізденіс пен болашақ мамандыққа алғашқы қадам жасауға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/1166446?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version