Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп кеңесінің төрағаларының қатысуымен «Білім беру саласында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және адам құқықтарын қорғаудағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің рөлі» тақырыбында жиын өткізілді.
Жиынға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Баймұратұлы қатысты. Ол білім сапасының маңызды болуына ең алдымен педагогтердің құқықтарын қорғау және құқықтық мәдениетті нығайту қажет екендігін атап өтті.
Күн тәртібінде:
- педагогтердің құқықтарының қорғалуы және оны қамтамасыз ету шаралары;
- педагог мәртебесінің заңмен бекітілуі және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау;
- құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.
Аталған жиында Департамент басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы педагогтердің құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, заң талаптарын сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша баяндама жасады. Білім беру жүйесінде сапаны қамтамасыз ету – ең алдымен құқықтық мәдениетті қалыптастырудан басталады.
Сондай-ақ педагогикалық әдеп кеңесінің мүшесі Нышан Тасболатұлы Байғұт педагог мәртебесінің заңмен қорғалғанын, мемлекет қолдауы ұстаз беделін арттыруға және кәсіби қызметті сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1166537?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау