Маңғыстау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының орталық көшелерінің бірінде мектеп оқушыларына арналған профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға жол қозғалысы қағидалары, жолда жүру тәртібі, жаяу жүргіншілердің міндеттері, бағдаршам талаптарын сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары кеңінен түсіндірілді.
Шараның негізгі мақсаты – балалардың жолдағы жауапкершілігін арттыру, сақтық мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіздік қағидаларын нығайту. Қызметкерлер оқушыларға күнделікті өмірде жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертіп, жолдағы тәртіп – әр азаматтың қауіпсіздігінің кепілі екенін атап өтті.
Мұндай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
https://www.instagram.com/reel/DU-YU4GjDMD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1166460?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау