2026 жылғы 17-20 ақпан аралығында Қарағанды қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өтті.
Конкурс халықаралық тәжірибеге сәйкес ашық көрме форматында келесі секциялар бойынша өткізілді: Қазақстан тарихы, Адам және қоғам, өлкетану, этномәдениеттану, тіл білімі, әдебиет.
Іс-шараға республиканың түкпір-түкпірінен 293 жоба ұсынған 370 оқушы қатысты. Павлодар қаласынан 4 оқушы-облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 25 орта мектебінің оқушылары дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті: «Әдебиет» секциясында күміс медальмен және II дәрежелі дипломмен Қарабаева Сабина, қола медальмен және III дәрежелі дипломмен Орымбай Әсел марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/1166440?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау