Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша қате немесе артық төленген жарналар мен аударымдарды қайтаруды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.
Қайда жүгіну керек?
Өтінішті қағаз түрінде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне тапсыру қажет.
Өтінішті кім береді?
• Дербес төлеуші – белгіленген үлгі бойынша өтініш береді.
• Жұмыс беруші – өтінішпен бірге қызметкердің қаражатты қайтаруға келісімін ұсынады.
Маңызды:
Өтініш үлгілері мен филиалдардың мекенжайлары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында орналастырылған.
Қарау мерзімі:
15 жұмыс күніне дейін.
Қайтарудан бас тарту себептері:
• алдыңғы кезеңдер бойынша берешектің болуы;
• құжаттарда шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер;
• өтініштің заңнама талаптарына сәйкес келмеуі;
• дербес деректерді өңдеуге келісімнің болмауы.
Сақ болыңыз: төлемдерді уақтылы және дұрыс жүргізу – артық рәсімдердің алдын алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1166259?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау