Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Ораза – сабыр мен шүкіршіліктің, мейірім мен кешірімнің, рухани тазару мен ізгіліктің айы. Бұл айда әрбір игі іс пен жақсы амалдың сауабы еселеніп, жүректерге иман нұры ұялайды. Береке мен бірлікке бастайтын қасиетті Рамазан айы баршамызға амандық, отбасымызға тыныштық, елімізге тұрақтылық әкелсін.
Ораза айында жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болып, ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасымды болсын!
Жаңасемей ауданының әкімі, Нұржан Оразбекұлы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1165846?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау