ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 наурызда (Осло уақыты бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы № 475 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасына қатысты республикалық референдум өтеді.

Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие және Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сізде республикалық референдумда дауыс беруге құқықтық негіз бар.

Дауыс беруге қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі ретінде Сізді референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы № 475 сайлау учаскесінде дауыс беретін азаматтардың тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Сіздерді дауыс беретін азаматтардың тізіміне енгізу үшін Норвегия Корольдігінің аумағындағы әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, туған жылы, тұратын мекенжайы, байланыс деректері, электрондық пошта) oslo_consul@mfa.kz электрондық мекенжайына «Республикалық референдум» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда № 475 сайлау учаскесінің келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: + 47 22-42-06-43.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-oslo/press/news/details/1166242?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version