1.Жаңадан енгізілген БСК 105310 бойынша:
Сіздің назарыңызға жеткіземіз, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 04 сәуірдегі №152 «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» бұйрығына сәйкес бұрын қолданыста болған БСК 105306 қолданысын жалғастыруда, алайда оған 01.01.2026 жылдан бастап өзгерістер енгізілді («Кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты суларын, емдік балшықтарды және т.б. қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық»), соған сәйкес салық төлеушілердің жекелеген санаттары оны қолданудан шығарылып, жаңа БСК 105310-ға ауыстырылды.
2026 жылдың 1 тоқсанынан бастап салық есептілігінің нысандары 590.00 (бұдан әрі – СЕН), сондай-ақ салық төлеушілердің тиісті санаттары бойынша салық төлемдерін төлеу БСК 105310 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларға, жер асты суларына және емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» бойынша жүзеге асырылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының 2025жылғы 15 наурыздағы №171-VIII Бюджет Кодексінің 26-бабының 1-тармағының 11-тармақшасына сәйкес БСК 105310 бойынша төлемдер объектінің орналасқан жері бойынша есепке алынады, яғни егер салық төлеуші ауданда (облыстық маңызы бар қалада) есепте тұрса, ал кен орны ауылда (округте) болса, онда БСК 105310 бойынша төлемдер ауылдың (округтің) бюджетіне түсетін болады.
2.Жаңадан енгізілген БСК 401102 бойынша:
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 04 сәуірдегі №152 бұйрығына сәйкес 01.01.2026 жылдан бастап бюджеттік сыныптамасының коды (бұдан әрі – БСК) 206114 «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары» Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасынан алынып тасталды.
Сонымен қатар, 01.01.2026 жылдан бастап жаңа БСК 401102 «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары» енгізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-aktobe/press/news/details/1166010?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау