2026 жылғы 1-15 наурыз аралығында әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енгізуге өтініштер кезекті қабылдау басталады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 қазандағы №778 қаулысына және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-4 – бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – ҰЭМ) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім)жүргізеді.
Тізілімді жүргізу қағидаларының (ҚР 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 3 – тармағына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды(ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда).Тізілімге қосу мәселелерін қарау жөніндегі арнайы комиссияның(бұдан әрі – Арнайы комиссия)өтініштерді қарау қорытындылары бойынша облыстардың жергілікті атқарушы органдары ұсынған мәліметтер негізінде ҰЭМ жүзеге асырады. Сонымен қатар, Қағидалардың 11-тармағына сәйкес өтініштерді қабылдау жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаныңтіркелген жері(заңды мекенжайы)бойынша елді мекенде жүзеге асырылады.
Толық ақпарат алу үшін Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-не мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Космонавтов даңғылы, 12, № 314 кабинет, байланыс телефоны 8 (71431) 4-56-52.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1166182?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау