Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында елдегі көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, Сарыағаш қаласы маңындағы көлік қозғалысының тығыздығын тілге тиек етіп, аталған мәселені шешу мақсатында биыл «Сарыағаш айналма жолы» жобасының құрылысын бастау қажеттігін атап өтті.
Президент тапсырмасын іске асыру аясында «Сарыағаш айналма жолын» салу жобасы бойынша нақты жұмыстар қолға алынуда. Осыған байланысты Астана қаласында «Сарыағаш қаласының айналма жолын салу» жобасы аясында алғашқы семинар өтіп, Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі ұйымдастырылды.
Аталған меморандумға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қол қойды. Құжат жобаны тиімді іске асыруға, тараптар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға және алдағы жұмыстарды жүйелі үйлестіруге құқықтық негіз қалайды.
Айта кетсек, 2026 жылғы 19–20 ақпан күндеріне жоспарланған семинарға Сарыағаш ауданының делегациясы қатысты. Делегация құрамында ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қанат Тұрсынбаев пен жер қатынастары бөлімінің басшысы Бақытсейіт Әуезов болды. Жиын барысында айналма жол құрылысына қатысты техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер жан-жақты талқыланып, жобаны жүзеге асырудың негізгі кезеңдері айқындалды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1166396?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау