Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеровтің Шардара ауданының тұрғындарымен кездесуі 2026 жылдың 5 наурызында, сағат 11.00-де Абай атындағы аудандық мәдениет үйінде (Шардара қаласы, Абай көшесі, № 54) өтеді. Сонымен қатар облыс басшысы тұрғындарды сағат 12.00-де Аудан әкімі аппаратының ғимаратында (Шардара қаласы, Төлеби көшесі, № 40 б) жеке қабылдайды.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8 (72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 2026 жылдың 4 наурызына дейін сағат 9.00-19.00 аралығында (түскі үзіліс: сағат 13.00 – 15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекенжайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1165904?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау