Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуына қауіп төндіретін өзекті мәселелердің бірі. Әділетті Қазақстанды құру және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жағдайында ашықтық, есеп берушілік және халыққа адал қызмет ету қағидаттарының маңызы арта түсуде. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты ретінде айқындады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі қағидаттары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген. Мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, адам факторын азайту және қоғамдық бақылауды күшейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аталған қызметті үйлестіруді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүзеге асырады.
Ауылдық округ деңгейінде заңдылық пен ашықтық мәселелері ерекше маңызға ие. Әкімдік – халықпен тікелей байланыста жұмыс істейтін мемлекеттік орган. Күн сайын азаматтардың өтініштері қаралып, жер қатынастары, абаттандыру, әлеуметтік қолдау, бюджет қаражатын бөлу мәселелері шешіледі. Осыған байланысты негізгі міндеттеріміз мыналар болып табылады:
- әкімдік қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің айқындығын сақтау;
- мүдделер қақтығысына жол бермеу;
- азаматтардың өтініштері мен шағымдарына жедел әрекет ету;
- сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру.
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетті. Анықтамалар алу, өтініш беру және мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үдерістерінің электрондық форматқа көшуі жеке байланысты азайтып, ашықтықты арттырды.
Алдын алу шараларына да ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекеттік қызметшілермен, кәсіпкерлермен және округ тұрғындарымен тұрақты түрде түсіндіру кездесулері өткізіледі. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері түсіндіріледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әр азаматтың жеке жауапкершілігінен басталады. Адалдық, әділдік және заң талаптарын сақтау – бұл тек заң нормалары ғана емес, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімнің негізі.
Ауылдық округ әкімі ретінде мен аппарат қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуді, халықпен ашық диалог орнатуды және Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтауды өзімнің кәсіби әрі азаматтық міндетім деп санаймын. Мемлекет пен қоғамбірлескен күш-жігері арқылы ғана әділеттілікке, сенімге және заң үстемдігіне негізделген тиімді басқару жүйесін қалыптастыра аламыз.
Қостанай ауданы Жданов ауылдық округінің әкімі
Мендигали Ошакбаевич Ибраев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/1166117?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау