Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға бағытталған.
Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулермен ҚР азаматы ретіндегі жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қамтитын мемлекеттік қызметшінің мәртебесі. Әрбір мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқаруға қарсы сыбайлас жемқорлыққа байланысты, бұзушылықтар үшін бірқатар баптар көзделгенін білуге тиіс.
Сыбайлас жемқорлық-бұл өз мүдделері үшін заңдарды айналып өту арқылы материалдық және құқықтық артықшылықтар алу, бұл «өз» адамдарының есебінен жергілікті жеке мәселелерді шешу.
Сыбайлас жемқорлық-бұл мемлекеттік функцияларды қоғамның мүдделеріне, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келетін жеке мүдделер үшін пайдаланудан басқа ештеңе емес.
Қарапайым тілмен айтқанда – сыбайлас жемқорлық – бұл қызметтік жағдайды жеке мақсатта пайдалану.
Заңның 22-бабының 1-тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.
Департамент жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша қалыптасқан жағдай тұтастай бағаланады және нақты бағыттарда шаралар қабылдау туралы ұсыныстар (ұсынымдар) енгізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1165796?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау