Бүгін облыс орталығы Талдықорған қаласындағы «Салтанат сарайының» мәжіліс залында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиалының ІХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Конференцияға қала әкімі Ернат Бәзіл, Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт және қала ардагерлері қатысты.
Жиында қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ақшабай Керімбеков соңғы бес жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар, қалалық ардагерлер ұйымы төрағасын сайлауы өтіп, ардагерлердің бірауыздан қолдауымен Ақшабай Керімбеков қайта сайланды.
Жиынды қорытындылаған қала әкімі Ернат Бәзіл аға буын өкілдерінің ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі және ұлттық салт-дәстүрді дәріптеудегі еңбегін жоғары бағалайтынын атап өтті. Сондай-ақ, ардагерлер қауымының қоғамдық өмірдегі белсенділігі мен жастарға өнеге боларлық тәжірибесінің маңыздылығына тоқталды.
Айта кетейік, бүгінде Талдықорған қаласында 210 мыңнан астам халық тұрады. Оның 27 мыңнан астамы зейнеткерлер.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1166273?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау