Тұрғындардың өтініш-тілегі елеусіз қалмайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұрсұлтан Исабеков тұрғындарды жеке сауалдары бойынша қабылдады.

Қабылдауда тұрғындар тарапынан кәсіп бастау үшін көмек көрсету, қураған талдарды кесу, «Қарасу – 1» көшесіне асфальт төсеу, көшелерді жарықтандыру, ауладағы ойын алаңшасын абаттандыру, сондай-ақ жеке сипаттағы мәселелер көтерілді.

Нұрсұлтан Арқабайұлы тұрғындардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді.

Кездесу қорытындысында жауапты тұлғаларға айтылған түйткілдерді жан-жақты зерделеп, кезек күттірмейтін өтініш-тілектер бойынша тиісті шешімдер қабылдау жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1166578?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version