Жаңа Конституция аясында ғылыми-технологиялық егемендік талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада «Sarap» сарапшылық клубы «Ғылыми-технологиялық егемендік – мемлекет дамуының конституциялық басымдығы» тақырыбында отырыс ұйымдастырды.

Жиынға ғылыми қауымдастық, зерттеу ұйымдары және жас ғалымдар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Қатысушылар ғылыми-технологиялық егемендікті мемлекеттік тәуелсіздік пен елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі факторы ретінде қарастырды. Ғылым, білім және өнеркәсіп салаларындағы институционалдық шешімдердің сапасы мемлекеттің тұрақтылығы мен ұзақмерзімді дамуына тікелей әсер ететіні айтылды.

Отырыс барысында Еуразия халықаралық зерттеулер қауымдастығының төрағасы Светлана Кожирова шетелдік басылымдардағы Қазақстан туралы мақалаларға шолу жасап, онда еліміздің ядролық ғылым, стратегиялық маңызы бар минералдарды игеру, аграрлық зерттеулер және цифрландыру бағыты бойынша деңгейі жоғары бағаланатынын сөз етті.

Сонымен қатар ғылыми әлеуетті арттыру, салалық тетіктерді жетілдіру және жастардың стратегиялық бастамаларға қатысуын арттыру мәселелері талқыланды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1166466?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version