Осыдан бес күн бұрын толассыз жауған жауын салдарынан Шардара қаласы, К. Әзірбаев көшесі, №31 мекенжайында орналасқан, өлшемі 17×13 метр тұрғын үйдің оң жақ бетінің артқы бұрышы жарылған болатын.
Аталған тұрғын үйге Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев барып, жағдаймен танысып, тұрғындарды сабырға шақырып, қажетті көмек көрсетілетінін айтқан еді.
Бүгін аудан әкімінің бастамасымен Шардара қаласы Мелдеби ықшам ауданы атынан сайланған аудандық мәслихат депутаты Бектасов Дәулетбек Төлбасыұлы аталған үйдің тұрғынына екі миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Қаржылай көмекті аудандық құрылыс және сәулет бөлімінің басшысы Асанбай Махашев тапсырды.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1166198?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау