ЖРВИ және тұмаудың алдын алу бойынша семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19 ақпанда Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің Қарағанды қаласындағы маманы «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ медициналық пунктінің қызметкерлері мен «Қарағанды» шекаралық бақылау бөлімінің қызметкерлері арасында «ЖРВИ (жедел респираторлық вирустық инфекция) және тұмаудың алдын алу» тақырыбында семинар ұйымдастырып өткізді. Семинардың мақсаты – маусымдық жұқпалы аурулар, атап айтқанда тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу шаралары туралы шекаралық бақылау және әуежайдың медицина қызметкерлерін ақпараттандыру. Іс-шара барысында уақтылы вакцинацияның тиімділігі мен қауіпсіздігі, адамдар көп шоғырланатын орындардан бас тарту, қолды жиі жуу және үй-жайларды тұрақты желдету қажеттілігі түсіндірілді. Семинар соңында қатысушыларға тұмау немесе ЖРВИ белгілері пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажеттігі айтылып, жадынамалар мен буклеттер таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1166479?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version