Бүгін Қызылорда облыстық кітапханасында «Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарға Қызылорда облысының білім басқармасының «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясы» қосымша білім беру орталығы «Инновациялық-инженерлік шығармашылық» бөлімінің меңгерушісі Қадырбеков Бағдат Назарбекұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Инженерлі-технологиялық институтының «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының оқытушысы Ашимова Мөлдір Ерболатқызы, «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясы қосымша білім беру орталығы «Телестудия» үйірмесінің оқытушысы Зейнулла Хасен Гарифоллаұлы, Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының, қалалық және аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары, бағдарламашылар және IT мамандары қатысты. Қатысушылар жасанды интеллект негізінде білім берудегі геймификация және техникалық шығармашылықты дамытуға арналған креативті жобалармен танысты.
Практикалық сабақ барысында жасанды интеллект құралдарын пайдалану жолдары жан-жақты көрсетілді. Атап айтқанда, ЖИ арқылы storybook әзірлеу, бейнеролик дайындау, кейіпкерді сөйлету, ән құрастыру, презентация мен ойын жасау, мәтінді дыбыстау тәсілдері түсіндірілді. Сондай-ақ Grok платформасымен және т.б. жұмыс істеу әдістері таныстырылды.
Семинар соңында қатысушылар әріптестерімен тәжірибе алмасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-sayasat/press/news/details/1166696?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау