Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасы Милан-Кортина Олимпиадасының финалында сынға түсті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Ливиньо тау шаңғы курортында XXV қысқы олимпия ойындарының фристайл-акробатикадан соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатыр.

Аралас командалық сайыста Қазақстан құрамасы финалда өнер көрсетті. Команда сапында Аяна Жолдас, Роман Иванов пен Асылхан Асан болды.

Назарыңызға Ұлттық құраманың қорытынды нәтижесін ұсынамыз:
Қазақстан (213.93 ұпай) 7-орын;

Алғаш болып секірген Аяна Жолдас 49.77 ұпай, Роман Иванов 79.65 ұпай, Асылхан Асан 84.51 балл еншіледі.

Айта кетейік, бұл бағдарламада үлкен финалға үздік нәтиже көрсеткен ТОП 4 команда шықты. Шешуші ақтық сын бүгін Астана уақытымен сағат 15:45-те басталады.

Аралас командалық сайыс (микст) алғаш рет Олимпиада бағдарламасына осыдан 4 жыл бұрын Бейжіңде қосылды. Ол кезде АҚШ командасы чемпион атанып, күміс Қытай, қола Канадаға бұйырған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1166746?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version