ҚР “құқық бұзушылықтың алдын алу туралы” жаңа Заңының 36-бабы мүлік иелері бірлестіктері төрағаларының полициямен өзара іс-қимыл саласын нақты айқындайды. Бұл, ең алдымен, құқық бұзушылықтар туралы, оның ішінде есірткіні жарнамалау фактілері туралы уақтылы хабардар ету, интернет-алаяқтықтың алдын алуға жәрдемдесу.
МАРАТ Жұмалиев, СҚО ПД бастығының орынбасары:
– Көп жылдар бойы учаскелік полиция инспекторлары үй иелерінің төрағаларымен өзара іс-қимыл жасап келеді. WhatsApp мессенджерінде 177 мыңнан астам азаматтан тұратын 758 үй, аула чаттары құрылды. Чат жұмысының арқасында тек төрағалар ғана емес, әрбір тұрғын учаскелік полиция инспекторына тікелей хабарласа алады.
Сондай-ақ, төрағалар техникалық нығайтуға ықпал ете алады. Петропавлда көппәтерлі үйлердің тек 35 % – ы ғана бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Осы бағытта бірлескен жұмысты жалғастыру қажет. Жақсы жарықтандырылған аула мен жабдықталған кіреберіс ұрлық, тонау, вандализм және басқа да қылмыстардың қаупін азайтады. Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Калия Туренова төрағалар мен полицейлер арасындағы тұрақты диалогтың жоғары тиімділігін атап өтті.
КАЛИЯ ТУРЕНОВА, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:
– ПД қызметкерлерімен тікелей біз жыл сайын, жылына екі рет кездесеміз, барлық өзекті мәселелерді қарастырамыз, және сіз біздің әрбір кеңестен кейін қойылған барлық мәселелер бірден пысықталатынын байқаған боларсыз.
2025 жылы полиция қызметкерлері тәртіп сақшылары мен меншік иелері бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары арасындағы ортақ чаттардың арқасында 19 ұрлықты ашты. Полицейлер атап көрсетеді: құқық бұзушылықтың алдын алу — бұл қоғамның тұрақтылығына, Заң мен тәртіпті нығайтуға салынған инвестиция.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-yrsai/press/news/details/1168102?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау