2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда республикалық референдум өтеді
2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасында республикалық референдум өткізіледі. Тиісті шешімге сәйкес, жалпыхалықтық дауыс беруге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі шығарылады.
Дауыс беруге қойылатын сұрақ:
«2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?»
Азаматтар өздерінің сайлау учаскесін бірнеше тәсіл арқылы біле алады:
•1308 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы;
•https://electorat.almaty.kz/ ресми сервисі арқылы;
•Telegram желісіндегі @almaty_referendum2026_bot арқылы.
Дауыс беру күні барлық сайлау учаскелері белгіленген тәртіппен жұмыс істейді. Азаматтарға өз учаскесін алдын ала нақтылап, референдумға белсенді қатысу ұсынылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1168062?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау