2026 жылы Масленица 16–22 ақпан аралығында өтті. Бұл – христиан дәстүріндегі «құймақ аптасы», қыспен қоштасып, көктемді қарсы алуды білдіретін мереке.Осынау халықтық мереке біздің ауданымыздың Преображенка ауылында да кең көлемде аталып өтті. Барлық негізгі дәстүрлер сақталды: құймақ пісіру, халықтық серуендер, жәрмеңкелер, шанамен сырғанау. Әр көше дастархан жайып, тұрғындар бір-біріне қонаққа барып, достары мен әріптестерін, туыстарын құттықтады. Көңілді ойындар ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары көтеріңкі көңіл-күймен қысты шығарып салды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1167830?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау