Абай ауданының Қарауыл ауылында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде қызмет атқарған Мұратбек Оралбекұлын еске алуға арналған волейболдан республикалық ашық турнир өтті.
Тағылымды шараға еліміздің әр өңірінен келген командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Турнирдің басты мақсаты – қызмет жолында абыройлы еңбек еткен азаматтың есімін ұлықтау, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Жарыс барысында командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін паш етті. Көрермендер тартымды кездесулердің куәсі болып, спортшыларға қолдау білдірді.
Турнир қорытындысы бойынша үздік командалар мен ойыншылар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аталған спорттық шара – елге қызмет еткен азаматтың жарқын бейнесін жадымызда жаңғыртып, жас буынға үлгі етудің жарқын көрінісі болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1167731?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау