АБАЙ БОЛЫҢЫЗ – САРЫП!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

                   

САРЫП АУРУЫ адамның және жануардың қауіпті инфекциялық ауруы (барлық ағзаны зақымдайды) мүгедектікке алып келуі мүмкін. 

АДАМ САРЫП АУРУЫН:

– ауру малмен (ұсақ және ірі мүйізді мал, шошқа) және итпен жанасу және сою, оның ішінде мал төлдету кезінде;

– ауру малдардың шикі еті мен сүт өнімдерін тұтыну кезінде;

– ауру малдардың жүні мен терісін өңдеу кезінде ЖҰҚТЫРУЫ МҮМКІН.

САРЫП АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ:

буындардың, арқаның ауыруы, әлсіреу, (ұзақ уақыт) дене қызуының көтерілуі, тершеңдік, әлсіздік, тәбеттің болмауы, салмақ жоғалту.

 АЛДЫН АЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРАЛАРЫ:

–  малдарды сарып ауруына тексеріңіз, малдың ауруы және төл тастауы туралы ветеринариялық дәрігерге хабарлаңыз,

– малды сою және мал төлдету кезінде жеке бас гигиенасы қағидаларын сақтаңыз, арнайы киім киіңіз;

-мал төлдету кезеңіне балалардың, жасөспірімдердің, жүкті әйелдерді қатыстырмаңыз;

– рұқсат етілмеген сауда орындарынан ет және сүт өнімдерін сатып алмаңыз.

  ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗ!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-akkuly/press/news/details/1167373?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version