Агенттікте ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының қатысуымен конституциялық реформа мәселелері бойынша кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде «Конституциялық реформа. 2026 жылғы референдум» тақырыбында кездесу өтті.

Шарада спикер ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Олегович Казанцев сөз сөйледі.

Кездесуге Агенттік қызметкерлері, Ұлттық статистика бюросының өкілдері және ҚР СЖРА Ақпараттық-техникалық орталығының мамандары қатысты.

Кездесу барысында конституциялық реформаның мақсаттары, оның елдің институттарын дамытуға ықпалы және алдағы референдумның маңызы талқыланды.

Қатысушылар реформаның негізгі тұстарын қарастырып, басқару жүйесін жетілдіру және азаматтардың құқықтарын кеңейту мәселелері бойынша кәсіби пікір алмасты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aspr/press/news/details/1168004?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version