Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Ақтөбе қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Ермекбаев Нұрасхан Ермекбайұлы және Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Искарин Талғат Жақсылықұлы бірлесіп, Ақтөбе қаласында орналасқан «Казахстанский завод нефтяного оборудования» ЖШС-де «Зорлық-зомбылық пен қудалауға нөлдік төзімділік: жауапкершілік және корпоративтік мәдениет» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында қызметкерлерге жұмыс орнында кез келген түрдегі зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің жол берілмейтіні, заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары түсіндіріліп, сондай-ақ өзара құрмет пен қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыруға бағытталған корпоративтік мәдениетті нығайту мәселелері талқыланды.#QURMET#Құрмет#ҚауіпсізҚоғам
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1166863?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау