Саумалкөл ауылында, Айыртау ауданы аумағында аудандық штаб мүшелері «Баянтай» ЖШС ұжымымен кездесіп, Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын түсіндірді.
Кездесу барысында мамандар құжаттың негізгі ережелері, маңызды өзгерістері және олардың азаматтар үшін практикалық маңызы туралы жан-жақты баяндады. Кәсіпорын қызметкерлері талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, пікірлерін білдіріп, өз ойларымен бөлісті.
Жиында жаңартылған Конституция жобасы елдің одан әрі дамуына заманауи құқықтық негіз қалыптастыратыны атап өтілді. Құжатта азаматтардың лайықты еңбек етуге, қауіпсіз жұмыс жағдайына және әлеуметтік қорғалуға деген құқықтық кепілдіктері күшейтіледі. Сонымен қатар халықтың қоғамдық және мемлекеттік басқару үдерістеріне қатысу мүмкіндіктері кеңейтіледі.
Кәсіпорын қызметкерлері үшін бұл – олардың құқықтары мен мүдделерінің ең жоғары заңнамалық деңгейде бекітілуі және еңбек пен әлеуметтік саясатқа қатысты шешімдерге ықпал ету тетіктерінің пайда болуы деген сөз. Кездесуде әлеуметтік сала, білім беру мен денсаулық сақтау бағытындағы өзгерістерге, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге арналған реформаларға ерекше назар аударылды. Бұл бастамалар биліктің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.
Іс-шара соңында қатысушылар азаматтық белсенділік танытып, 15 наурызда өтетін референдумға қатысуға шақырылды. Қызметкерлердің айтуынша, мұндай кездесулер енгізілетін өзгерістердің мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sayasat/press/news/details/1167531?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау