Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің кеңесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің кеңесі өтті

 2026 жылғы 23 ақпанда Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы М.А. Исмаиловтың төрағалығымен офлайн/онлайн режимінде кене энцефалиті, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, сібір жарасы, туляремия және басқа да аса қауіпті инфекциялар бойынша қызметтердің алдағы эпидемиялық маусымға дайындық жағдайы туралы кеңес өткізілді.

Кеңеске аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары, Алматы облысы «Ұлттық сараптама орталығы» филиалы директорының орынбасары, аудандық филиалдардың басшылары, Алматы қаласы «Дезинфекция орталығының» басшысы қатысты.

Кеңес барысында кадрларды даярлау, қызметтерді материалдық-техникалық жарақтандыру, оның ішінде инфекциялар бойынша эндемиялық аумақтарда жоспарлы дезинсекциялық және дератизациялық өңдеулер жүргізу, олардың тіркелуіне және халық арасында таралуына жол бермеу мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty-obl/press/news/details/1168385?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version