Аналық мейірім мен антқа адалдық: Көші-қон қызметкерінің бір күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әйел – шаңырақтың шырайын келтірген аяулы ана  болса, қызметте – заң мен тәртіптің мызғымас тірегі . Осындай қос жауапкершілікті қатар алып жүрген жандардың бірі – Абай облысы ПД Семей қаласы Полиция басқармасы Көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Токруова Асем Мықтыбекқызы

Полиция майорының бір күні таңғы салтанатты саптық жиыннан бастау алады . Бұл – тек күн тәртібін пысықтау ғана емес, тәртіп пен бірліктің айқын көрінісі . Жиын барысында бөлімнің алдағы міндеттері сараланып, көші-қон саласындағы өзекті мәселелер талқыланады , заңнамадағы өзгерістер мен жаңашылдықтар назарға алынады . Әр қызметкерге нақты тапсырмалар жүктеліп, жауапкершілік айқындалады .

Жұмыс кабинетіне бет алған сәттен бастап аға инспектордың қарбалас күні басталады . Азаматтарды қабылдау – оның қызметінің негізгі бағыттарының бірі . Құжаттарды рәсімдеу, жеке басты куәландыратын құжаттарға қатысты кеңес беру, уақытша және тұрақты тіркеу мәселелерін заң талаптарына сәйкес шешу – кәсібилік пен мұқияттылықты талап ететін күрделі процесс . Әрбір азаматтың өтініші – жеке тағдыр, жеке сенім . Сондықтан әр құжат жіті тексеріліп, әрбір сұраққа нақты әрі түсінікті жауап беріледі .

Көші-қон саласы – ұқыптылық пен жоғары жауапкершілікті қажет ететін маңызды бағыт . Асем Мықтыбекқызы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын басты назарда ұстайды . Қызмет барысында ол тек құжат рәсімдеуші маман ғана емес, сонымен қатар құқықтық кеңесші, түсіндіруші, кейде тіпті психологиялық қолдау көрсетуші рөлін де атқарады . Әсіресе, шетел азаматтары немесе алғаш рет құжат рәсімдеп отырған тұрғындар үшін оның сабырлы да байыпты түсіндіруі үлкен көмек .

Күн тәртібінде халық арасында түсіндіру жұмыстары да ерекше орын алады . Аға инспектор мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін, заң талаптарын, көші-қон ережелерін, сондай-ақ алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдарын жан-жақты түсіндіреді . Құқықтық сауаттылықты арттыру – қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудың маңызды тетігі . Осы бағыттағы әрбір кездесу мен түсіндіру жұмысы азаматтардың сенімін арттыруға ықпал етеді .

Түстен кейінгі уақыт көбіне қызметтік құжаттармен жұмысқа арналады . Есептерді дайындау, талдау жасау, статистикалық мәліметтерді жинақтау, тиісті органдармен хат алмасу – мұның бәрі тәртіп пен жүйелілікті талап етеді . Әрбір ресми құжат заң талаптарына сай рәсімделіп, белгіленген мерзімде орындалуы тиіс . Бұл – кәсіби біліктілік пен ұйымдастырушылық қабілеттің сыналатын тұсы.

Күн соңында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы міндеттер нақтыланады . Қызмет нәтижелері сараланып, келесі күннің жоспары белгіленеді . Бұл – үздіксіз қозғалыс пен даму үстіндегі жауапты қызметтің ажырамас бөлігі .

Осындай тәртіп сақшыларының қажырлы еңбегі – қоғамдағы тұрақтылық пен заңдылықтың кепілі . Токруова Асем Мықтыбекқызы сынды өз ісіне адал мамандардың кәсібилігі мен табандылығының арқасында азаматтардың құқықтары қорғалып, қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі .

Кешкілік үйге оралған сәт – оның ең асыға күтетін уақыты . Қызметтік формасын шешкенімен, жауапкершілікті шешпейді. Енді ол – сабақ тексеретін , ертегі айтып беретін , баласының армандарын тыңдайтын ана. Бір күн бойы заң талаптарын түсіндірген жан, кешке баласына өмірдің қарапайым ақиқаттарын үйретеді: адал болуды, еңбектенуді, үлкенді сыйлауды .

Отбасындағы тәрбие мен қызметтегі ұстаным өзара үндес . Балаларына әділдікті үйрете отырып, өзі де қызметте әділ болуға тырысады . Үйіндегі жылылық оның жұмысындағы сабырлылыққа күш береді. Себебі мықты қызметкердің артында – берік отбасы тұрады .

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1167532?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version