Аққулы ауданының оқушылары кенусай техникасын меңгеруде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аққулы ауданының білім беру ұйымдарында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында кенусай техникасы кеңінен қолданылуда. Бұл ерекше қолөнер тәсілі мата қиықтарын тігіссіз орналастыру арқылы көркем бейнелер жасауды көздейді.

2025–2026 оқу жылының екінші жартыжылдығында аудан мектептерінде аталған техника бойынша 15 шығармашылық сабақ ұйымдастырылып, оған 100-ден астам оқушы қатысты. Сабақ барысында оқушылар 60-тан астам сәндік панно дайындап, түрлі тақырыптағы композициялық жұмыстар орындады.

Кенусай техникасы оқушылардың ұсақ моторикасын дамытып, түстерді үйлестіре білу қабілетін арттырады. Сонымен қатар, бұл әдіс балаларды ұқыптылыққа, төзімділікке және эстетикалық талғамға тәрбиелейді.

Мұндай шығармашылық жұмыстар білім сапасын арттырумен қатар, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын нығайтып, олардың жан-жақты дамуына оң әсерін тигізуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1168311?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version