Ақтау қаласында 2026 жылғы 25–27 ақпан аралығында облыс көлемінде «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында құлақтандыру жүйесінің жұмысы, су тасқыны кезеңінде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға жедел ден қою, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы тексеріледі.
Өткізілетін іс-шаралар кезінде қала тұрғындары мен қонақтарынан сабырлық сақтап, жалған ақпаратқа сенбеулерін сұраймыз.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1168205?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау