Ақтауда жаяу жүргіншілерге қолайлы инфрақұрылым қалыптастырылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шағын аудандарда жаңа жаяу жүргіншілер жолдарының құрылысы басталды. Жұмыстар тұрғын үйлердің айналасын қамтып, жаяу қатынасты реттеуге бағытталған.

Қазіргі таңда құрылыс 13, 17 және 39 шағын аудандарында жүргізілуде. Жобалар аясында заманауи талаптарға сай тротуарлар төселіп, іргелес аумақтарды абаттандыру қарастырылған. Бұл шаралар тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап, қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қала бойынша жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып, алдағы уақытта өзге де шағын аудандарды қамтитын болады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1167626?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version