Ақтөбе облысында құқық бұзушылықтардың алдын алуға, криминогендік тәуекелдерді азайтуға және тұрғындар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған «Айқын нәтиже» жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба аясында:
– криминогендік нүктелер айқындалды;
– бейнебақылау камералары орнатылуда;
– қоғамдық орындарда патрульдеу күшейтілді;
– алкоголь өнімдерін заңсыз сатуға бақылау қатаңдатылды;
– жастар мен кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде;
– қоғам белсенділері мен еріктілер кеңінен тартылуда.
Біздің мақсатымыз – қалалық ортаны, елді мекендерді, аудандарды, аулалар мен тұрғын үйлерді қылмыстан қорғап, азаматтар үшін қауіпсіз ету.
Бұл мақсатқа тек қоғаммен серіктестік арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Осыған байланысты жоба аясында өңір тұрғындарымен жедел кері байланыс орнату үшін «Aqtobe aqparat» Telegram-боты әзірленді. Аталған Telegram-бот арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар енгізуге және келесі фактілер туралы хабарлауға болады:
– көшелерде, қоғамдық кеңістіктерде және тұрғын секторларда, қараңғы әрі жарықтандырылмаған жерлерде, қаңырап бос тұрған ғимараттарда, бейнебақылаудың болмауы, білім беру ұйымдарына апаратын бағыттардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша қауіпті орындар туралы;
– алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілері, оның ішінде түнгі уақытта;
– алаяқтар, дропперлер, отбасылық жанжал шығарушылар, қоғамдық тәртіпті бұзушылар, есірткі жасыру орындары, есірткі граффитилері туралы;
– притондар, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі адамдар жиналатын орындар туралы.
Анонимдікке кепілдік беріледі.
Барлық ақпарат прокуратураның тұрақты бақылауымен құқық қорғау органдары тарапынан жедел қаралатын болады.
Қаладағы қылмыспен бірге күресейік!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-aktogay/press/news/details/1167017?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау