Астанада оқушыларға қысқаметражды фильм арқылы заң алдындағы әрбір азаматтың жауапкершілігі көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласындағы №119 жалпы орта білім беретін мектепте «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Кітап бетбелгілері емес» атты қысқаметражды фильмнің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фильм сюжеті жеңіл табысқа қызығып, заңсыз әрекетке барған жас жігіттің тағдырын арқау етеді.

Көрсетілімнен кейін өткен пікірталас барысында оқушылар фильм кейіпкерінің іс-әрекетіне қатысты көзқарасын білдіріп, осындай жағдайдың алдын алу жолдарын талқылады.

«Бүгін «Кітап бетбелгісі емес» фильмі арқылы жасөспірімдерге теріс әрекеттің салдары қандай болатынын, жауапкершілік пен өз болашағы үшін дұрыс шешім қабылдаудың маңызын көрсеткіміз келеді. Мұндай кездесу профилактикалық жұмыстың бір бөлігі саналады. Біздің мақсатымыз – заңға бағынатын, өмірге құштар, саналы ұрпақ тәрбиелеу», – деді №119 жалпы орта білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Балжан Серікқызы.

Аталмыш іс-шара жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға және құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстардың бір бөлігі ретінде ұйымдастырылды. Мамандар мұндай кездесу өскелең ұрпақтың саналы көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1167465?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version