«Аутодструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша мектеп психологтарға кеңес» семинары.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі» ММ Оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинеттің жылдық жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 17 ақпан «Аутодструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша мектеп психологтарға кеңес» семинары өтті. Семинарға оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық әдістемелік кабинет әдіскері А.Амреева, мектеп және бала-бақша психологтары қатысты.

  Іс-шара мақсаты:мектеп психологтарының аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру және оқушылар арасындағы психологиялық дағдарыстарды ерте анықтаудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерту.

Алғашқы сөз кезегін Аудандық білім бөлімінің әдіскері А. Е Амреева алды.

Күн тәртібіне сай:

1) Emotion-box эмоциялық дағдыларын қалыпқа келтіру “Қалалық көпбейінді қазақ мектеп гимназиясы”КММ педагог-психологы:А.Р Ықласқожина.

2) “Жас маманның психологиялық-педагогикалық қызметтегі кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру»  “Сары-Арқа жалпы орта білім беретін мектебі” педагог-психологы: Р. А Смаилов

3)Педагогикалық консалтинг: Жас психологтың мектептегі рөлі “С.Ғаббасов атындағы ЖОББМ” КММ Г.А Медиева

4)”Жасөспірімдердің агрессия деңгейіне компьютерлік ойындардың әсері «10 қазақ мектеп-гимназия» КММпедагог-психолог: К.Р Кистаубаева тренинг өткізіп, баяндама оқыды.

  Семинар соңында қатысушыларға оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулықтар мен ұсынымдар таратылды. Психологтар кәсіби тұрғыда өзара кері байланыс жасап, алдағы уақытта мектеп ішінде өткізілетін профилактикалық іс-шаралар жоспарын нақтыланып мектеп психологтарының эмоционалдық жануының алдын алу бойынша релаксациялық жаттығулар да жүргізіліп, мамандардың кәсіби құзыреттілігі арттырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1166909?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version