Азаматтарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шараларды іске асыру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды еңбек қызметіне тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша осы санаттағы 27 азаматты жұмыспен қамту қамтамасыз етілді. Пробация қызметінің желісі бойынша жұмыс орындарының белгіленген квотасы 100% — ға (11 адам), бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар арасында — 85% – ға (11 адам) орындалды.
Азаматтарды жұмысқа орналастыру келесі: «Greenhouse – Qaztomat» ЖШС, «Промсервис-Отан» ЖШС, «Екібастұзкоммунсервис» ЖШС және «Горэлектросеть» ЖШС кәсіпорындарда қамтамасыз етілген. Табысты әлеуметтенудің оң мысалы П.А.А –ны жұмысқа орналастыру болып табылады, ол «Мансап орталығы» арқылы «электргазбендәнекерлеуші» мамандығы бойынша кәсіптік оқудан өткен және қазіргі уақытта «Көркем жарнама агенттігі» ЖШС-де жұмыс істейді. Сондай-ақ, өңірдің жеке құрылымдарында С.И.В., К.С.И., И.К.Х. және С.В.Т азаматтарды жұмыспен қамту қамтамасыз етілді.
Қолдау жүйесіндегі маңызды буын үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл болып табылады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Антарес А» ҚҚ осы санаттағы азаматтарға мамандандырылған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді. Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның бірлескен жұмысы жұмыспен қамту мәселелерін шешіп қана қоймай, әлеуметтік мәртебені толыққанды қалпына келтіру үшін қажетті құқықтық қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-enbek/press/news/details/1166785?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version