Ағымдағы жылдың 19 ақпан күні Бәйтерек ауданы әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету барысында және «Е-Өтініш» ақпараттық жүесіндегі орын алуы мүмкін заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ауданға қарасты бөлімдер мен ауылдық округ мамандарының қатысуымен семинар өткізілді.
Семинар барысында ауылдық округтер мен бөлімдер тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердегі және «Е-Өтініш» АЖ енгізілген өзгерістер талқыланып, нормативтік құқықтық актілер қабылдау барысында туындауы мүмкін мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Сонымен қатар, бірінші басшы жұмыс орнында болмаған жағдайда электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану тәртібі және құжаттарға қол қою мәселелері қарастырылды.
Аталған бағыттағы семинарлар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1167055?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау