Бүгін Ақтөбе қаласының мансап орталығында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар және алимент бойынша берешегі бар азаматтар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.
Іс-шара «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастыруымен өткізілді. Жәрмеңкеге 15 мекеме мен кәсіпорын қатысып, өзекті бос жұмыс орындарын ұсынды. Олардың қатарында Позитив Холдинг, Энергосистема, Ramazan Elevator, ЖБИ-25 зауыты, Dina Market, Көктас-Ақтөбе, Ақтан Групп және басқа да ұйымдар бар.
Жәрмеңкеде сату менеджері, арнайы техника жүргізушісі, В, С, D санатындағы жүргізуші, бағбан, сатушы-кассир, жанармай құюшы, экспедитор-жүргізуші, электромонтер, ұста және өзге де мамандықтар бойынша жұмыс орындары ұсынылды. Сонымен қатар қатысушыларға жұмыспен қамтудың белсенді шаралары, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту мүмкіндіктері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бос жұмыс орындары Электрондық еңбек биржасы порталында (www.enbek.kz) жарияланған, қазіргі таңда Ақтөбе облысы бойынша 2000-нан астам бос жұмыс орны қолжетімді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1168519?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау