Еліміздің басты құжатына енгізілетін конституциялық реформаларды талқылау мақсатында М. Мәметова атындағы орта мектебінде ұлағатты ұстаздар қауымымен мазмұнды жүздесу өтті.
Жиынның басты өзегі – жаңарған Ата заңның білім беру саласына беретін мүмкіндіктері мен ғылыми әлеуетті арттыру мәселелері болды.
Кездесу барысында қатысушылардың назары Конституцияның 33-бабына енгізілген маңызды толықтыруларға аударылды.
Бұл өзгеріс ұстаздар мен ғалымдар үшін жаңа құқықтық кепілдіктер мен дамудың даңғыл жолын ашпақ.
Жиында тек заңнамалық өзгерістер ғана емес, сонымен қатар мектеп қабырғасындағы нақты мәселелер де талқыланды. Ұстаздар қауымы білім сапасын арттырудың тетіктерін, бірыңғай білім беру стандарттарын енгізудің тиімділігін және ғылымды мемлекеттік қолдаудың маңызын сөз етті.
Мектеп ұжымы реформаның мәнін терең ұғынып, өз ойларын ортаға салды. Педагогтардың айтуынша, Конституция деңгейінде білім мен ғылымның басымдыққа ие болуы — еліміздің интеллектуалды ұлт қалыптастыру жолындағы стратегиялық жеңісі.
«Конституцияның 33-бабына енгізілген өзгерістер бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Мемлекет ғылым мен білімді басты бағыт деп таныса, демек, мұғалімнің де, ғылымның да мәртебесі биіктей береді», – деді жиынға қатысушы ұстаздар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1168418?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау