Биометриялық деректі пайдаланып несие рәсімдеген: ШҚО полицейлері алаяқтық фактісін ашты
Өскемен қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері «Anti-Fraud» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен ер адамды анықтады.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті жәбірленушіні алдап, банк қосымшасы арқылы биометриялық верификациядан өткен. Осыдан кейін жәбірленушінің атына қымбат тұрмыстық техниканы сатып алу үшін тауарлық несиелер рәсімдеген.
Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 2 миллион теңгені құрады.
Кейіннен күдікті алынған тауарларды ломбардқа өткізген. Жауап алу барысында ол өз кінәсін мойындады.
Аталған фактімен «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті азаматтарға цифрлық қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке деректерді және растау кодтарын бөтен адамдарға бермеу керектігі туралы ескертеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1168158?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау