Болашаққа бағдар: Ақтауда құқық қорғау саласын таңдаған жастармен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №77 мекемесінің қызметкерлері Ақтау қаласындағы «Genius Sapa Aqtau» ҰБТ-ға дайындық орталығында мектеп бітіруші түлектермен және олардың ата-аналарымен кездесу өткізді. Шараның басты мақсаты — жастарға құқық қорғау саласында білім алу мүмкіндіктерін таныстыру және Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсу тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіру.

Кездесу барысында мекеме бастығының орынбасары Сәкен Жарылқапбаев білімнің маңыздылығына, болашақ мамандықты таңдаудағы жауапкершілікке және оқу процесінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды. Ол жиналған қауымға академияның білім беру бағдарламалары, курсанттарға арналған әлеуметтік кепілдіктер мен болашақ қызметтің артықшылықтары туралы толық ақпарат берді. Спикер өз сөзінде мемлекеттік қызметтің мәртебесі мен офицер атанудың жауапкершілігі зор екенін ерекше атап өтті.

Шара аясында қатысушыларға арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, академиядағы курсанттардың күнделікті тыныс-тіршілігі таныстырылды. Ашық диалог форматында өткен кездесуде ата-аналар мен оқушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді. Әсіресе, денсаулық жағдайына қойылатын талаптар, дене шынықтыру нормативтері және құжаттарды өткізу мерзімдері туралы сауалдар басым болды.

Кездесу соңында қатысушыларға оқуға түсуге қажетті құжаттар тізбесі мен талаптар жазылған ақпараттық материалдар таратылды. Мұндай іс-шаралар жастардың отансүйгіштік сезімін оятып, құқық қорғау органдарында қызмет етуге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1167041?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version